Главная » Файлы » Мои файлы

ҚР Министрліктер және министрлер тізімі
[ Скачать с сервера (1004.6 Kb) ] 25.09.2012, 00:38

– ҚР Ішкі істер министрлігі

Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері бойынша мемлекеттік басқару болып табылады.

Iшкi iстер министрi

 Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000 Қазақстан, Астана қ-сы, Манас к-сі, 46

 Баспасөз орталығы:+7 (7172) 71-51-89

 Факс: +7 (7172) 71-43-99

 Сенім телефоны: +7 (7172) 72-24-93

 E-mail: press@mvd.kz

 Ресми сайт: http://www.mvd.kz/

1 ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті

2 ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитеті

3 ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті

4 ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті

5 ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және айналымын бақылау комитеті

6 ҚР ІІМ Тергеу комитеті

7Миграциялық полицияның комитеті

8 ҚР ІІМ министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

– ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

 

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару; көмір өнеркәсібі; атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында басшылық етуді, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Индустрия және жаңа технологиялар министрі

 Әсет Өрентайұлы Исекешев

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000 Қазақстан, Астана қ-сы, Сол жағалау, Қабанбай батыр д-лы, 47 Transport Tower ғимараты, 32/1

 Телефон: +7 (7172) 24-04-75, 24-12-13

 Ресми сайт: www.mint.gov.kz

1ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті

2ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті

3ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

4ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

5ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауларын пайдалану комитеті

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Мыналар Министрліктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері болып табылады: денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Денсаулық сақтау министрi

 Салидат Зекенқызы Қайырбекова

Министрдің блогы

 Мекен жайы:

 010000 Қазақстан, Астана қ-сы,

 Сол жағалау, Министрліктер үйі, 5 кіребер

 Телефон: +7 (7172) 74–32–43

 e-mail: zdrav@mz.gov.kz

 Ресми сайт: http://www.mz.gov.kz/

1 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті

2 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті

3 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медицина және фармация қызметтерін қадағалау комитеті

– ҚР Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Сыртқы істер министрі

 Ержан Хозеұлы Қазыханов

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000 Қазақстан, Астана қ-сы, Сол жағалау, Кунаев к-сі, 31

 Телефон:+7 (7172) 72-05-18

 Кезекші дипломат: +7 (7172) 72-01-11

 Кезекші дипломат тың факсі: +7 (7172) 72-01-10

 Факс: +7 (7172) 72-05-16

 E-mail:midrk@mfa.kz

 Ресми сайт: http://portal.mfa.kz/

1 ҚР Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитеті

2Сыртқы саясатты талдау және болжау комитеті

– ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Мәдениет және ақпарат министрі

 Дархан Мыңбай

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000 Қазақстан, Астана қ-сы,

 Сол жағалау, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, қабат 3

 Телефон: +7(7172) 74-01-07

 Факс: +7(7172) 50-30-51

 E-mail: mkis@mki.kz

 Ресми сайт: http://mk.gov.kz/

1 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті

2 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті

3ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің

– ҚР Білім және ғылым министрлігі

 

Білім және ғылым министрлігі басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары: Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Ғылым комитеті, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

Білім және ғылым министрі

 Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ., Орынбор к-сі,8, 12 кіреберіс

 Телефон: +7 (7172) 74-24-28

 Факс: +7 (7172) 74-24-16

 Канцелярия: +7 (7172) 74-24-25,  74-24-16

 Сенім телефоны:+7 (7172) 74-23-62

 e-mail::pressa@edu.gov.kz

 Ресми сайт: http://www.edu.gov.kz

1 ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті

2 ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

3 ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеті

– ҚР Қорғаныс министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Қорғаныс министрі

 Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков

Министрдің блогы

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ.,

 Сол жағалау, ерекше экономикалық аймағы, 2 үй

 Азаматтардың жолданымы бойынша жұмыс жүргізетін бөлімі

 Телефон: +7(7172) 72-15-91

 Факс: +7 (7172) 24-15-95

 Кеңсе: +7(7172) 72-13-84, 2-13-85

 e-mail: pressa@mod.kz

 Ресми сайт: http://www.mod.gov.kz

1Штаб басшылары комитеті

– ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

Қоршаған ортаны қорғау министрлі

 Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ.,

 Орынбор к-сі, 8, Министрліктер үйі, блок «А», 14 кіреберіс

 Қабылдау бөлмесі: + (7172) 74-00-75

 Ресми сайт: http://www.eco.gov.kz

1 Экологиялық реттеу және бақылау жөніндегі комитеті

– ҚР Ауыл шаруашылығы миинстрлігі

 

Министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру; бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету; реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ауыл шаруашылығы министрi

 Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ., Кенесары к-сі, 36

 Канцелярия: +7 (7172) 55-59-95, 55-58-03

 Факс: +7 (7172) 55-59-95

 Сенім телефоны: +7 (7172) 55-57-55

 Ресми сайт: http://minagri.gov.kz/

1 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

2 Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

3 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті

5 Балық шаруашылығы комитеті

– ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi) көлiктiк, коммуникациялық кешенде басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Көлiк және коммуникация министрi

 Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ., Қабанбай Батыр д-лы , 47

 Телефон: +7 (7172) 24-13-12

 Факс: +7 (7172) 24-14-19

 Сенім телефоны: +7 (7172) 74-10-77

 e-mail: mtc@mtc.gov.kz

 Ресми сайт: http://www.mtk.gov.kz/

1 Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Автомобиль жолдары комитетi

2 ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

3 Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлік және қатынас жолдары комитетi

4 Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi

5Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті

6Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң ХҚКО қызметін үйлестіру комтеті

– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 1) еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау саласында: мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды, еңбек қауiпсiздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету бағдарламаларын әзiрлеу; 2) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу,жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау, мүдделi органдармен бiрлесiп еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес кадрлар даярлаудағы қажеттілiктердi айқындау; 4) Әлеуметтiк әрiптестiк саласында әріптестiк жүйесiн реттеу жөнiнде ұсыныстар дайындау; 4-1) мүгедектердi әлеуметтік қорғау және оңалту саласындағы кешендi бағдарламаларды әзiрлеу; 4-2) әлеуметтiк сақтандыру саласында әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу; 5) зейнетақымен қамсыздандыру саласында халықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi

 Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ.,

 Орынбор к-сі, 8, Министрліктер үйі, 6 кіребірес

 Телефон: + 7 (7172) 74-28-51

 Сенім телефоны: +7 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41

 E-mail: mintrud@enbek.kz

 Ресми сайт: http://www.enbek.gov.kz

1 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау және бақылау комитеті

– ҚР Қаржы министрлігі

 

Министрліктің негізгі міндеттері салық, кеден және бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен мемлекеттік қаржылық статистиканы жасау бюджеттік есептілікті жасау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу, өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау, меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асыру болып табылады.

Қаржы министрі

 Болат Бидахметұлы Жәмішев

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ., Жеңіс д-лы, 11

 Канцелярия: +7(7172) 71-77-64,71-77-65

 Факс: +7(7172) 71-77-85

 Сенім телефоны:+7(7172) 71-77-60

 e-mail: info.info@minfin.kz

 Ресми сайт: http://www.minfin.kz/

1 ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

3 ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті

4 ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

5 ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті

6 ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті

7 ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті

– ҚР Мұнай және газ министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері: 1) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау және магистралдық құбыржол көлігі салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 3) көмірсутек шикізаты бөлігінде отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету; 4) көмірсутек ресурстарын, оның ішінде Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігінде бірлескен игеру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 5) ілеспе газды қоса алғанда, көмірсутек ресурстарын молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету; 6) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыреттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Мұнай және газ министрі

 Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ.,Қабанбай батыр д-лы, 19

 Телефон: +7 (7172) 97-68-01

 Канцелярия : +7 (7172) 97-69-31, 97-68-90, 97-68-89

 Сенім телефоны: +7 (7172) 97-68-88

 E-mail: ayan@memr.kz

 Ресми сайт: http://mgm.gov.kz

1Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешенінде мемлекеттік инспекция комитеті

– ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнің стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге және стратегиялық жоспарлау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру; өңірлік даму; халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу; сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту; ішкі сауданы реттеу және дамыту; жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау; инвестициялар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік; экономиканың секторларында мемлекеттік активтерді басқару; мемлекеттік басқару жүйесін дамыту; жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

ҚР Экономикалық даму және сауда министрі

 Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ., Орынбор к-сі, 8, «Министрліктер үйі», кіреберіс 7

 Қабылдау бөлмесі: +7(7172) 74-28-09

 Баспасөз орталығы: +7(7172) 74-91-98

 Е-mail: press-service@minplan.kz, info@minplan.kz

 Ресми сайт: http://www.minplan.kz

1 ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің сауда комитеті

2 Кәсіпкерлікті дамыту комитеті

3 Аймақтық дамыту комитеті

– ҚР интеграция істері жөніндегі министрлігі

 

Айтжанова Жанар Сейдахметқызы

Министрдің блогы

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ.,Орынбор к-сі, 8, «Министрліктер үйі», кіреберіс 7

 Қабылдау бөлмесі+7 (7172) 74-30-51

– ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

ҚР Әдiлет министрi

 Имашев Берік Мәжитұлы

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ.,

 Есіл ауданы, Орынбор к-сі, 8, Министрліктер үйі ,13 кіреберіс

 Қабылдау бөлмесі: +7(7172) 74-02-01

 Кенсе: +7 (7172)74-07-37

 Құқықтық ақпараттық қызметі: +7 (7172) 58-00-58

 Сенім телефондары: +7(7172) 74-06-37, 119, 073

 e-mail: press@minjust.kz, pressgov@mail.ru , press@minjust.kz

 Ресми сайт: http://www.minjust.kz/

1 ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті

2 ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті

3Сот актілерін орындау жөніндегі комитет

  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Төтенше жағдайлар министрі

 Владимир Карпович Божко

Министрдің блогы

Қабылдау кестесі

 Мекен жайы:

 010000, Қазақстан, Астана қ.,Бейбітшілік қ,, 22

 Баспасөз орталығы: +7 (7172) 94-80-03

 Кенсе: +7 (7172) 60-21-33

 Сенім телефоны:+7 (7172) 32-32-86

 e-mail: mchs@emer.kz

 Ресми сайт: http://www.emer.kz/

1 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлар және өндірістік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау комитеті

2 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті

3 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті




Ақпарат алынған уақыт: 25.09.2012 

Категория: Мои файлы | Добавил: Nur
Просмотров: 48967 | Загрузок: 1905 | Комментарии: 15 | Рейтинг: 4.5/15
Всего комментариев: 15« 1 2
3 gulfairuz  
0
улкен рахмет сиздерге

СҰРАҚ:министр болу үшін не істеу қажет?

4 Nur  
0
Білімді маман болу керек...

2 Gul'za  
0
коп коп рахмет!!!

1 рано  
0
рахмееетттт!!!!!!!

1-10 11-13
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]